Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Хабарландыру ХАБАРЛАНДЫРУ



Балалар мен жасөспірімдерге арналған урбанистика ⠀


Тереңдетілген ісмер-сынық сабақтары келесі күндерде өтеді:
1. 8 маусым – Көлік жүйесі және инфрақұрылым (кіру: 500 тг.)
2. 15 маусым – Қоғамдық кеңістіктер (кіру: 500 тг.)
3. 22 маусым – Қаладағы және қоршаған ортадағы қауіпсіздік (кіру 500 тг.)
Аталған іс-шараны «Алматы қаласының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы», «Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және «Біз Алматы» жобасы LEGO Education, STEM Center, Recycle BIRGE, Almaty Tour Studio және «Inventive» робототехника академиясымен ынтымақтасқан түрде ұйымдастырып отыр.
Аталған іс-шара сағат 10.00-нан 14.00-ке дейін Алматы қаласы, Абай даңғылы, 90 үй (қиылысы Айманов көшесі, 122 үй), 1-ші қабат мекенжайы бойынша «Алматыбасжоспар» ғимаратындағы Q-Lab кеңістігінде өтеді.
Алдын ала тіркелу төмендегі телефон нөмірлері бойынша міндетті түрде жүргізіледі: ⠀
 +7 702 980 08 70
 +7 707 730 60 40
 +7 775 534 24 60
Жаз айы – демалатын және жеке тұрғыда өзін-өзі жетілдіру және дамыту уақыты. ⠀
Біздер Q-Lab қалалық жобалар зертханасы, балалар мен жасөспірімдерді (5-18 жастағы) кенттенуді (урбанистика) зерттейтін қызықты бағдарламаға қатысуға шақырамыз. ⠀
Бұл жерде сіз қаланың құрылымы қалай жұмыс жасайтынын, қауіпсіз және қызықты қоғамдық кеңістіктерді жасау қағидаттарын үйренесіз. ⠀
Сондай-ақ әр түрлі жаңа технологияларды пайдаланып өз арманыңыздағы қаланы жасай аласыз.
Жағымды оң қуат алып, көп жаңалық білгісі келетін барлық тілек білдірушілерді күтеміз.