Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Экономика ЭКОНОМИКА



Өнеркәсіп


2018 жылы ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындары 166,8 млрд. теңге сомасына  өнім өндірді. 2017 жылдың  сәйкес кезеңіне өнім көлемінің физикалық индексі 104,1% құрады.
2018 жылы ірі және орта инвесторлардың қаржыландыру көздері есебінен негізгі капиталға 92,542 млрд. теңге  инвестиция игерілді. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 100,8 % құрады.
«Бизнес жол картасы-2020» бағдарламасына Алмалы ауданы бойынша 15 кәсіпорын қатысуда. Оның ішінде, 14 жоба – қаражаттандыру бойынша, жалпы сомасы 3,7 млрд. теңге, қаражаттандыру сомасы 342 млн. теңге құрады, 1 жоба – кепілдік бойынша, жалпы сомасы 360 млн. теңге, «Даму» АҚ жалпы кепілдендіру сомасы 180 млн. теңге.
«Жібек жолы» бағдарламасы аясында 10 кәсіпкер жалпы сомасы  369,5 млн. теңгені құрайтын жеңілдетілген несие алды.
Аудан кәсіпкерлеріне «Халықты нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту - 2017-2021»  бағдарламасы шарттарын түсіндіру мақсатында «Даму» АҚ мен екінші деңгейлі банктердің өкілдерінің қатысуымен кездесулер өткізілді. 
Аудан бойынша жалпы сомасы 804 млн. теңге құрайтын 58 жоба екінші деңгейлі банктерде қарастырылуда. Оның ішінде: 41 жоба қаржыландырылды (582,2 млн. теңге), 3 жоба мақұлданды (45 млн. теңге), 11 жобамен жұмыс жүргізілуде (131,8 млн. теңге), 3 жоба қарастырылуда (45 млн. теңге).
2015-2019 жылдарға арналған Алматы қаласының кәсіпкерлікті қолдау (Индустриализация картасы) Картасының 2-ші бесжылдығы аясында Алмалы аудынынан 3 мекеме қатысуда:
1)«АДЗ» АҚ «Негізгі өндірісті жаңғырту» жобасы бойынша қатысады. Инвестиция көлемі 240 млн. тг. құрайды. Мемлекеттік бағдарлама аясында пайыздық төлеммен қаржыландыру бойынша мемлкеттік қолдау көрсетілді. 
2)«Металл пром» АҚ «Жаңа желілер құрылысы, негізгі өндірісті жаңғырту» жобасы бойынша қатысады.Инвестиция көлемі 7 млрд. 8 млн. тг. құрайды. Мемлекеттік қолдау аясында Алатау ауданындағы  Индустриялық аймақтан жер телімі бөлінді.
3)«Корпорация Сайман»АҚ «Есептегіш құралдар шығару бойынша зауытты жаңғырту» жобасы бойынша қатысады. Инвестиция көлемі 83 млн. тг. құрайды. Мемлекеттік қолдау аясында «Инновациялық технологиялар Паркі» арнайы экономикалық аймағынан жер телімі бөлінді. 
Аудан бойынша 2018 жылы 28 700 шағын және орта бизнес тіркелген (2017 жылы – 27 427), яғни  өткен жылғымен салыстырғанда өсім байқалады.
Жаңа өндіріс орындары мен кәсіпкерлік қызмет субъектілерін ашу, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша тапсырмалардың орындалуына ерекше көңіл бөлінеді. 2018 жылдың басынан 4112 жұмыс орны құрылды, оның ішінде сауда кәсіпорындарында – 1265,  көлік және байланыс кәсіпорындарында – 245, білім мекемелерінде – 145, денсаулық сақтау мекемелерінде – 15, құрылыс кәсіпорындарында-203,  басқа мекемелерде – 2239. 
2018 жылдың басынан жұмысшы тобы ұйымдаспаған сауданы жою мақсатында 142 рейд жүргізді және 172  ұсақ бөлшек сауда нысаны  бұзылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ӘҚБК-нің 204 бабына сәйкес, 1724 хаттама толтырылды.