Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Денсаулық сақтау ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ



Алмалы ауданының денсаулық сақтау мекемелері қызметінің негізгі қорытындылары


Жыл 2019 

Ауданда денсаулық сақтау жүйесінде 9 республикалық, 17 қалалық медициналық мекемелері жұмыс істейді, оның ішінде 9 мекеме амбулаторлық-емханалық көмек көрсетеді.

26 денсаулық сақтау мекемесінде 2281 дәрігер, 5089 орта және кіші медициналық, сонымен қатар 3031 қызметкерлер жұмыс істейді. Аудан емханалары қызмет көрсететін тұрғындар саны – 296 451 адам. 

Елбасының «Цифрлық Қазақстанға» өту бойынша тапсырмасын орындауда Алмалы ауданының барлық медициналық мекемелері компьютерлік техникамен және интернет желісімен, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің қолжетімді   медициналық ақпараттық жүйелерімен қамтамасыз етілді.

Ауданның барлық медициналық мекемелерінде «Электрондық кезек» автоматтандырылған жүйесі енгізілген. DamuMed ақпараттық кешенді медициналық жүйесі (КМАЖ) толық жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта барлық медициналық мекемелер қағазсыз есептік жүйеге ауысып,  100% электрондық денсаулық төлқұжаты қалыптастырылды. Емханаларда емделушілерге цифрлық көмек көрсету постылары орнатылған.  

2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласын дамытудағы «Денсаулық» бағдарламасының аясында халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін кешенді шаралар іске асырылды. ҮЕҰ және медициналық мекемелер мен қалалық ұйымдар бірлесіп салауатты өмір салтын насихаттау бойынша өткізген іс-шаралар 1,9 есеге ұлғайып,  3 330 шара (2017 ж. – 1980) өткізілді, яғни,  112 372 тұрғын қамтылды (58%). 

Денсаулық сақтау саласында атқарылған көптеген жұмыстардың нәтижесінде туберкулезбен ауырғандар саны 12%-ға, ерте неонатальды өлім 40 %-ға, нәрестелер өлімі 2 есеге  төмендеді.

Барлық медициналық мекемелерде инновациялық технологиялар енгізілуде. Диагностиканың заманауи түрлері қолданылып, күрделі оталар жасалуда. Сонымен қатар, шетелдік мамандар шеберлік тәжірибелер жүргізуде.