Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.04.2019

Алмалы ауданы әкімі аппаратында Жібек Жолы даңғылын реконструкцияланадыру бойынша кеңес өтті


Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың төрағалығымен Жібек Жолы даңғылын (Желтоқсан көшесінен Сейфуллин даңғылына дейн) реконструкцияландыру бойынша жиналыс өтті. Жиналыс  Алматы қаласы мемлекеттік бақылау басқармасының өкілі - Бауыржан Данаев; Алмалы ауданының сәулетшісі - Бақыт Рымжанов, «Қала Құрылысын Жобалау орталығы» ЖШС-ның бас инженері Алмас Аждаров,  Жібек жолы даңғылында (Желтоқсан көшесінен Сейфуллин даңғылына дейн) орналасқан  орта және шағын бизнес өкілдері қатысты. Кіру топтарының бірыңғай стиліне келтіру, заңсыз жапсарлас құрылыстарды бөлшектеу мәселелері қозғалды, «Жарнама туралы» ҚР Заңының қабылданған нормаларына сәйкес бизнес нысандарын ресімдеу.



Қоғамдық кеңістікті модернизациялау және жайлы қалалық ортаны қалыптастыру үшін реконструкцияланған көшелерде экологиялық тротуар плиткалары, энергия жинақтаушы жарық көздері, көше жиһазы, спорт және балалар алаңдары, заманауи кіші сәулет пішіндері пайда болады.



Бұлардан өзге, ғимараттардың барлық кіре берістері бірыңғай стильге көшіріледі. Жасыл желекке ерекше мән беріледі, бұрынғы бар ағаштарды сақтай отырып, жаңалары отырғызылады, суарудың автоматты жүйесі тартылып, ескі арық науалары ауыстырылады.
Жібек жолы (Желтоқсан - Сейфуллин), Байсейітова (Қабанбай батыр - Төле би) көшелері мен Достық (Қазыбек би - Құрманғазы) даңғылы бойындағы учаскелерде жаяу жүргіншінің кедергісіз өткелдерін қамтамасыз ету үшін биылғы жылы жөндеу жұмыстары кезеңмен жүргізіледі. Алдымен көшенің бір жағы, содан кейін екіншісі жөнделеді. Арнайы қоршаулар және жүргінші траптары, мердігерлік ұйымның барлық байланыс нөмірлері жазылған нысанның паспорты қойылады.




03.04.2019