Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.07.2019

«Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясы


Алмалы аудандық Саяси кеңес Бюросының, бастауыш партия ұйымдарының және партия белсенділерінің қатысуымен «Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясы өтті. Конференцияны партияның Алмалы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Бекқали Торғаев төрағалық етіп жүргізді. Конференцияның күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «БАРШАҒА ОРТАҚ ИГІЛІК! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру және «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының кезектен тыс XXV конференциясына делегаттарды сайлау туралы мәселелер қарастырылды.





Бірінші мәселе бойынша «Nur Otan»партиясы Алматы қалалық  Саяси кеңес Бюросының мүшесі, «Тұран» университетінің ректоры, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Алшанов Рахман Алшанұлы сөз сөйледі. Р.Алшанов өз сөзінде Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы туралы айтып берді және оның негізгі мақсаты - қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту және олардың табысын арттыру екенін атап өтті. Бұл біздің отандастардың басты сауалдарына жауап – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сот реформасы, барлық қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру, адами капиталды дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру болып табылатынын жіті баяндап берді. Сондай-ақ, ол аудан бойынша ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бірқатар іс-шаралар басталып кеткендігінайтты.





Соңында партияныңАлмалы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Бекқали Торғаев сайлау алдындағы жұмыстарға белсенді қатысушыларға Президент Қ.К.Тоқаевтың атынан алғыс хаттар табыс етті.


03.07.2019