Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.05.2019

Алмалы ауданына қарасты №95 мектепте 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай меркелік іс-шара өтті


Отан қорғаушыларды    кәсіби мерекелерімен    Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев, ардагерлер кеңесінің   төрағасы Жақсылық Әмірханов, әскери қорғаныс басқармасының басшысы Айдар Мүсрепов құттықтады.







Бекқали Нұрғалиұлы  өз құттықтауында  Отан қорғаушылар күні мен өз елінің нағыз патриоттарын тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті. Салтанатты жиын соңында аудан әкімі «Айбын» әскери-патриоттық ойынының аудандық кезеңінің жеңімпаз командаларын даярлаумен айналысатын алғашқы әскери дайындық педагогтарына алғыс хаттар табыс етті.







«Айбын» әскери-патриоттық ойынының қатысушылары Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, ауған   ардагерлері  және  аудан тұрғындары алдында алаңда саптық шеру көрсетті. Алмалы аудандық  әскери қорғаныс  басқармасының басшысы  Айдар Мүсрепов  парадты   қабылдады.



Сонымен қатар, № 95 мектептің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен және аудандағы шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік  бағдарламалар ұйымдастырылды. Әсіресе, соғыс жылдарының әндері балалардың аузынан шырқалды, бұл тек ардагерлердің ғана емес, барлық  жиналғандардың   жүрегін  әсер берді.



Жыл сайын Отанға қызмет ету дәстүрі, қазақстандықтардың ерлік ерлігінің жылнамасы осы мерекенің негізгі бейнесіне  айналды. Бас қолбасшы тарапынан елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, заманауи және кәсіби армияны дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.  Қазақстан Республикасының  Қарулы Күштері жауынгерлік даярлық қарқындылығының  жоғары деңгейімен, сапалы жұмылдыру резервімен, ұлттық әскери оқу орындарының желісімен және қажетті материалдық-техникалық  қамтамасыз етумен ерекшеленеді. 







Біздің әскери қызметшілер жоғары кәсіби даярлықтың, үйлесімділіктің және жауынгерлік дағдының үлгісін көрсетеді. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың құрмет міндетіне, аға ұрпақтың батырлық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизмнің қуатты адамгершілік  мектебіне  айналуда.



Алмалы ауданы әкімі аппаратының атынан барлық ер азаматтарды, әскер  болған және әскери қызметтің қиындықтарын білетін азамматарды, осы  уақытта Отанымыздың шептерін қорғап жүрген азаматтарды, бейбіт тұрғындардың  тыныштығы мен әл-ауқатына қамқорлық жасайтын және ел де қорғаушы, нағыз жауынгер болатын азаматтарымызды құттықтаймыз. 



Қымбатты ер азаматтар! Сіздерге зор денсаулық, тамаша көңіл-күй, Сарқылмас қуат, барлық істеріңізге табыс және  басы ашық аспан тілейміз!


07.05.2019