2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.02.2020

Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевтің тұрғындармен есептік кездесуі М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясында өтті




М. Тынышбаева атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында аудан әкімі Бекқали Торғаевтың тұрғындармен есептік кездесуі өтті. Кездесуге қалалық басқармалардың, аудан қызметтерінің басшылары, Алмалы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Әбисенов, аудан әкімінің орынбасарлары, ЖӨӨБК төрағалары, аудан тұрғындары қатысты. 





Жиналғандардың алдында ауданның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп бере отырып, Бекқали Нұрғалиұлы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясы бойынша тұрғындармен сындарлы диалогты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Осы заманауи талапқа сай болу үшін Алмалы ауданында «Ашық есік» форматында тұрғындармен апта сайынғы кездесулер, «Whatsapp» мобильді қосымшасы арқылы өзара іс-қимыл, интернет-ресурстар және жалпыға қолжетімді әлеуметтік желілерде жасалған аккаунттар сияқты кеңейтілген бағыттар жұмыс істейтінлігін айтты.





Түрлі сайттардан келіп түскен өтініштерді талдай отырып, ең көп 77%-ы коммуналдық және тұрмыстық жағдайларға, 7% -ы әлеуметтік салаға, 6% -ы кәсіпкерлікке, қалған 10% -ы әр түрлі бағыттарға тиесілі екенін атап өтуге болады.





Аудан басшысы өз сөзінде азаматтардың көпшілік сұранысы бойынша және Алматы қаласын дамыту бойынша қабылданған бағдарламалардың орындалу барысы туралы айтып берді.
Ресми бөлімнен кейін тұрғындар мен атқарушы биліктің сындарлы диалогы түрінде тұрғындарды толғандыратын мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Барлық қойылған сұрақтарға аудан әкімі құзырлы және толық жауап берді, сонымен қатар тұрғындар көтерген мәселелер аудан басшылығының жеке бақылауына алынды.


08.02.2020