Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.10.2018

Алмалы ауданында «Қарттар күніне» орай қайырымдылық шарасы өткізілді


Алмалы ауданы №3 Қарттар үйінде қалалық Кардиология орталығының  қызыметкерлері арнайы «Қарттар күні» мен «Дүниежүзілік жүрек күніне» орайластырылған «Ашық есік күнін» өткізді.





Қалалық Кардиология орталығының  қызыметкерлері үш жыл қатарынынан «Қарттар айы» аясында ардагерлер үйінде қайырымдылық іс-шаралар өткізіп келеді. Аталған шарада  кардиолог мамандар егде жастағы адамдардың бірқатар сұрақтарына жауап беріп, кеңестерімен бөлісті. Қарт кісілерге диагнозды анықтаудан бастап, соған сәйкес тиісті ем қабылдау шараларын жалғастыруға жолдама берілді. Электрокардиографиялық аппарат арқылы 60-қа жуық ем қабылдаушы тексеріліп, кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Өз кезегінде, тексерілуге келгендер  денсаулықтарына назар аударып, қамқорлық жасағандары үшін алғысын білдірді.



Қарттар күні - ата-аналарымыз бен ата - әжелерімізге ерекше назар аударатын тамаша жарқын мереке болып табылады. Бұл мереке бүгінгі күнде өте маңызды, себебі бұл заманауи қоғамда бар егде жастағы адамдардың көптеген мәселелеріне назар аударуға мүмкіндік береді. Біз егде жастағы адамдардың қажеттіліктерін, сондай-ақ тұтастай қоғамның демографиялық  қартаю мәселесін еске алуымыз қажет.


08.10.2018