Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.11.2019

Денсаулық айлығы


Денсаулық айлығы аясында 2019 жылы 7 қарашада ҰОС Қалалық емханасының қызметкерлері Шамшырақ қонақ үйінде акция өткізді. Іс-шара барысында мамандар, қызметкерлер мен келушілерді кешенді медициналық тексеруден өткізді.



Барлық келушілер терапевт, кардиолог, эндокринолог, окулист, акушер-гинеколог, отоларинголог, психолог, стоматолог, гастроэнтеролог және хирург дәрігерлерінің кеңесін алды. Сонымен қатар, қандағы қант пен холестерин деңгейін анықтады және Алматы қаласының тері-венерологиялық диспансері мен ЖИТС орталығының қызметкерлері микро реакцияға қан талдауын жасады.



Алдын алу тексерісін өткізу кезінде жоғары қан қысымы, қандағы қант және холестерин деңгейі бар жағдайлар анықталды, олардың барлығы тұрғылықты жері бойынша емханаға учаскелік дәрігерге одан әрі тексеруге жіберілді.



Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және емханаларға тіркелу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
08.11.2019