Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.01.2018

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Елбасы Жолдауын талқылады


Сайлаушылармен кездесу және есеп беру жұмысы аясында, М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары – «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері – Мамраев Бейбіт Баймағамбетұлы және Мұсырман Кәрібай Иманжанұлымен кездесу болып өтті.



Кездесуге академия басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрам, кафедра меңгерушілері,ардагер-ұстаздар, қызметкерлер қатысты. Кездесуде, Парламенттегі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің жұмысымен және Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауымен таныстыру, талқылау мәселесі қарастырылды.



Аталмыш кездесуде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының жолдауына байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жолдаудағы міндеттерді оңтайлы жүзеге асыруға байланысты қатысушылардың ой-пікір мен ұсыныстары тыңдалды. Жолдаудағы көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға, адами капитал – жаңғыру негізіне, ғылыми зерттеу жұмыстары мен латын әліпбиіне қатысты ойларды ортаға салып, сараптап, талқылаудан өткізді.



Кездесудің қорытындысында, қонақтар академия қабырғасында Парламенттегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің  кеңейтілген отырысын өткізіп, оқу орнымен ынтымақтастықты одан ары дамытуға шешім қабылдады. Кездесуден кейін, академия қонақтары оқу-тәжиірбелік зертханалармен танысып, академия мұражайының қонақтар кітабына өз тілектерін қалдырды.


12.01.2018