2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2020

Алматыда қала басшысы Бақытжан Сағынтаевтың есептік кездесуі өтті


Алматыда қала басшысы Бақытжан Сағынтаев халықпен есептік кездесу өткізді. Жиын 3200 орындық «Нalyk Arena» спорт кешенінде өтті. Қала басшысы 2019 жылды қорытындылап, 2020 жылға межелі міндеттерді айқындады.
Биылғы жылы есептік кездесу жаңа форматта өтті. Кездесуге дейін аудан басшылары, әкімнің орынбасарлары, басқарма және басқарма басшылары азаматтарды сұрақтарымен қабылдады. Есепті кездесуден соң да мұндай кездесулер жалғасын таба бермек.
Алматы қаласының 2019 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қарқынды динамикасы туралы арнайы видеоролик көрсетілді. 9 айда ЖІӨ 4,8%-ке артты. 2019 жылы 47 мың жұмыс орны ашылды. Жалпы құны 96 млрд теңге болатын 88 жаңа бизнес орны ашылды. Өнеркәсіп 4,5%-ға, баспана беру - 4,8%-ға, құрылыс - 3,4%-ға, бөлшек сауда 12,1%-ға артқан. Қалада былтыр 500 шақырым инженерлік желі тартылған. 73 шақырым жол тартылды. 47 шақырым арық қайта жасалды. 320 көшеге жарықтандыру жүргізіліп, 287 шақырым су желісі, 15 шақырым электр желісі, 20 шақырым жылу желісі, 130 шақырым газ желісі тартылды. Барлығы 2,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 


19.02.2020