Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.08.2019

Алмалы ауданында «Мектепке жол» акциясы жалғасуда




Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің үлкен залында «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен жаңа оқу жылы қарсаңында мерекелік шара өтті.





Шара барысында концерт және әртістер қатысты, мәдениет қайраткерлері балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтарды  табыстады. Мерекелік іс-шараға көп балалы отбасылар шақырылды.


Бүгінде Алмалы ауданы әкімінің аппараты, кәсіпорындар мен мекемелер бірлесіп,  «Нұр Отан» партиясы, «Metall Prom» ЖШС, «Бахус» ЖШС, «Enrise» ЖШС, «Халық банкі» АҚ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ кеңсе тауарларымен, сондай-ақ мектеп формасымен рюкзактар түрінде көмек көрсетті.





Сонымен қатар, «Мектепке жол» акциясы аясында  жалпыға бірдей білім беру және демеушілік көрсету барысында 2000-нан астам балалар қамтылды.
Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.


29.08.2019