Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже


«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ 

1.     Жалпы ережелер 

1. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган болып табылады.

2. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Контитуциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларын, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге  асырады.

3. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.   

4. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған актілерімен ресімделетін шешімдер мен өкімдер қабылдайды.

7. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8.   «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы, 74 А.

9. Толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Аппарат акима Алмалинского района города Алматы».

10. Осы Ереже «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетерінен жүзеге асырылады.

12. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілермен «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі. 

2.     «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің пайымы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 

13. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы -Қазақстан Республикасының 2001  жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы » Заңына сәйкес Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімін – ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп белгіленген.

14. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 38 баптарымен,Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Жарлығымен  белгіленген:

1) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнің актiлерiн, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актілерiн, аудан аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың орындауына жәрдемдесу;

2) «Алматы қаласы Алмалы ауданыәкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметшілері және бөлімдері қызметінің  тиімділігін бағалау;

3)    аудан әкімі белгілеген өзге де міндеттерді жүзеге асыру .

15. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-2 бабына,«Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»2001 жылғы 23 қаңтардағы  Қазақстан Республикасы Заңының 38 бабына, «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегіҚазақстан Республикасының Заңының 8 бабына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына сәйкес айқындалған:

1) Алмалы ауданының әкімі мен аппаратының қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық , материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

2) аудан аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау

3) Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша аудан әкімі мен аппаратының мүдделерін сотта қорғау , прокназар аудару актісін қарау;

4) мемлекеттік қызметтер көрсету

спортшыларға спорттық разрядттар беру 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты;

бiлiктiлік санаттарын беру: бiлiктiлігі жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi;

азаматтардың хал актілерін тіркеу және туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру;

5) «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің іс-құжаттамаларын ұйымдастыру және жүргізу,, оның ішінде құпия, арнайы байланысбайланыс бойынша , хат-хабарларды өңдеу, құпиялық режимін, «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының нысанішілік ережесін нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес қамтамасыз ету;

6) мемлекеттік органның қызмет бағыты бойынша оның жұмысының  сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру;

7) іс-қағаздарын мемлекетік тілде жүргізуді кезең кезеңмен - енгізу;

8) аудан әкімінде, оның орынбасарларында, «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысындағы кеңестерді  ұйымдастыру, кеңес материалдарын, хаттамаларын рәсімдеу және тарату;

9) ) аудан әкімінің, оның орынбасарларының, «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылығының тапсырмалары бойынша аудан әкімі шешімдері мен  өкімдерінің жобаларын әзірлеу, оларды тарату және сақтау;

10)аудан әкімінің және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының, аудан әкімі мәжілістерінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылау, осы мәселелер бойынша аудан әкімінемәлімет беру;

11) ) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

12) азаматтар мен заңды тұлға өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;

13) салық және бюджетке төленетiн өзге де  төлемдердi жинауға жәрдемдесу;

14) өз құзыретiнің шегiнде әскери мiндеттiлi және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру сондай-ақ азаматтық қорғаныс, саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

15) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;

16) жалғыз басты қарттар мен еңбекке қабілетсіз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

17) қылмыстық-атқару инспекциясының сынақ қызметіндегі есепте тұрған  тұлғаларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге қатысу және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;

18) әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;

19) Алматы қаласы Алмалы ауданының аумағында көріктендіру,  жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық  жұмыстарын ұйымдастыру;

20);жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара iс-қимыл жұмыстарын жүргізу;

21) «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жарықтандыру;

22) кәсіби  емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;

23) кадр құрамына зерттеу, ұсыныс  әзірлеужәне енгізу;

24) «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кадрларының оқуын және қайта даярлығын ұйымдастыру;

25) гендерлік аспектілерді қарау;

26) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер өндірісін жүзеге асыру;

27) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де қызметтер жүзеге асыру;

28) «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

16. Негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзінің құзіреті шегінде:

1)   «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де  ұйымдармен, оның ішінде арнайы байланыс және деректерді беру жүйесін пайдаланып  құпия және қызметтік  жазбаларды жүргізуге;

2) өз  құзіретіндегі мәселелер бойынша және үйлестіруді жүзеге асыруға;

3) заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан  қажетті ақпараттар мен материалдарды алуға;

4) жоғары тұрған органдарға жұмыспен  қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізуге;

5) «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі әкімгері болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды енгізуге;

6)  Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56 бабында белгіленген тәртіпте сотқа талап арызбен жүгінуге;

7)  өзіне берілген  мүлікті басқаруға;

8) заңнамада көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқы бар. 

3. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру 

17. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады.

18. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметінен  босатады.

 19. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппараты басшысы:

1) Алматы қаласының әкімдігіне «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекітуге ұсынады, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасарларының арасында  міндеттерді бөлу, «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штаттық саны бойынша ұсыныстар ,оған  бекітілген штаттық санның шегінде өзгерістер енгізеді;

2) «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;

3) Алмалы ауданы әкімі қабылдаған шешімдер мен өкімдердің, орындалуы мен сақталалуын,оның тапсырмаларының орындалуын, құжаттардың өтуін бақылау  жұмыстарын үйлестіреді;

4) аудан әкіміне қол қою және қарау үшін  аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, аудан әкіміне жолданған басқа да құжаттар мен материалдарды ұсынады;

5) ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;

7) бөлінген еңбекақы төлеу қорының шегінде «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына үстемақылар, қосымша ақылар және көтермелеулер  мен  тәртіптік жаза қолдану мәселесі жөнінде заңнамада белгіленген тәртіпте ұсыныс енгізеді;

8) «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің қызметіне жалпы басшылық жасайды  және жұмыстарын үйлестіреді;

9) Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың  Алмаы қаласы Алмалы ауданының әкімі қабылдаған актілердің орындалуына қатысты келіспеушіліктерді қарау жөніндегі мәжілістерді шақырады;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққақарсы шара қолдануға жеке жауапкершілікте болады ;

11) осы Ережеде көрсетілген, сондай-ақ Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі оған  жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. 

4. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі 

20. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

21. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлкі коммуналдық меншікке жатады. 

 22. Егер Қазақстан Республикасындағы заңнамасында өзгеше көзделмесе, «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 

5.     «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату 

23. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.