Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әкімнің орынбасары


Алмалы ауданы әкімінің орынбасары

Омаров  Архат Мухтарбекұлы


«Алматы қаласы Алмалы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әкім орынбасарының лауазымдық нұсқаулығы

1. Жалпы ережелер

1.1. Әкімнің орынбасары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес өзінің құзырын іске асырады, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін өзінің жұмысында басшылыққа алады, оның қызмет саласын реттейтін басқа да Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі заңнамаларын, нормативтік құқықтық актілерімен және осы нұсқаулықпен өзінің қызметін жүзеге асырады. 

1.2. Әкімнің орынбасары лауазымға Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің өкімімен тағайындалады және босатылады.

1.3. Әкімнің орынбасары аудан әкімінің басшылығымен жұмыс істейді. Көріктендіру және коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің қызметіне басшылық етеді. 

1.4. Әкімнің орынбасары уақытша болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалардың бекітілген нормаларына сәйкес кәсіпкерлік және өнеркәсіп мәселелеріне жетекшілік ететін әкімнің орынбасары алмастырады.

2. Әкім орынбасарының құқықтары

2.1. Барлық деңгейдегі атқарушы биліктің органдарымен өзара байланыс ұйымдастыру, әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыратын, концепцияларды, болжамдарды, әкімнің шешімдерінің жобаларын сапалы дайындау мақсатында олардан ақпаратты уақытылы алу, осы жобаларды сараптау және дайындауда қатысу.

2.2. Әкім аппаратының жауапты қызметкерлері мен құрылымдық бөлімшелерінің әкімнің тапсырмаларын, жоспарлардың орындалуын бақылау.

2.3. Әкім аппаратының жұмысын жетілдіруге, орындау тәртібін көтеру және еңбек тәртібін нығайтуға бағытталған ұсыныстарды әкімнің қарауына енгізу.

2.4. Қазақстан Республикасының заңнамаларына және лауазым құзырына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

3. Әкім орынбасарының міндеттері

3.1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көріктендіру, құрылыс, санитарлық тазалық, тұрғын-үй қорын пайдалану, өрт қауіпсіздігі, инженерлік коммуникацияларды дамыту, жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңдарының, Президентінің Жарлықтарының, Үкіметінің қаулыларының, Алматы қаласы әкімінің және қалалық мәслихаттың шешімдерінің, өкімдері мен қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің уақытылы орындалуына бақылауды жүзеге асырады және орындалуын қамтамасыз етеді.   

3.2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көріктендіру, құрылыс мәселелері бойынша бөлімдердің қызметін үйлестіруді және басшылықты қамтамасыз етеді. 

3.3. Стратегиялық жоспардың, мемлекеттік, аймақтық және қалалық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді.   

3.4. Аудан аумағын кешенді көріктендіру және көгалдандыру бағдарламалары мен шараларының жүзеге асырылуын ұйымдастырады.

3.5. Энергетика, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, өрт қауіпсіздігі мекемелерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, тіршілікті қаматамасыз ету саласындағы қалалық, аудандық бағдарламалардың орындалуын, экологиялық талаптардың сақталу бойынша жұмыстарды үйлестіруді қамтамасыз етеді.

3.6. ЖПИК-тің қатысуымен тұрғын үй қатынастарын жетілдіру, тұрғын үй қорын ұстау және пайдалануды жақсартуды қамтамасыз етеді.

3.7. Аудандық ТЖ комиссиясына және террористтік жағынан осал нысандарды тексеру бойынша жұмысшы тобына басшылық етеді. Төтенше жағдайлар, дүлей зілзалалардың зардаптарын жою бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

3.8. Алматы қаласының ТЖ Департаменті, Тұтынушылыардың құқығын қорғау Департаменті, Алматы қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, Сәулет және қала құрылысы, Энергетика және коммуналдық шаруашылық, Жер қатынастары, Құрылыс, Тұрғын үй, Жолаушылар көлігі, Автомобиль жолдары, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы басқармаларымен, жылжымайтын мүлік орталығымен, сонымен қатар аудандық Ішкі істер басқармасы, ТҚК, ЖПИК,ӨК, ЖҮИК-термен өзара байланысты қамтамасыз етеді. 

3.9. Құзыры шегінде азаматтарды қабылдайды және олардың арыздары мен өтініштерін қарастырады.