Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әкімнің орынбасары


Алмалы ауданы әкімінің орынбасары

Бекжанова Айнұр Серікқызы

«Алматы қаласы Алмалы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әкім орынбасарының лауазымдық нұсқаулығы

1. Жалпы ережелер

1.1. Әкімнің орынбасары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес өзінің құзырын іске асырады, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін өзінің жұмысында басшылыққа алады, оның қызмет саласын реттейтін басқа да Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі заңнамаларын, нормативтік құқықтық актілерімен және осы нұсқаулықпен өзінің қызметін жүзеге асырады.

1.2. Әкімнің орынбасары лауазымға Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің өкімімен тағайындалады және босатылады.

1.3. Әкімнің орынбасары аудан әкімінің басшылығымен жұмыс істейді. Мәдениет және тілдерді дамыту, әлеуметтік сала бөлімдеріне басшылық етеді.

1.4. Әкімнің орынбасары уақытша болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалардың бекітілген нормаларына сәйкес кәсіпкерлік және өнеркәсіп мәселелеріне жетекшілік ететін әкімнің орынбасары алмастырады.

2. Әкім орынбасарының құқықтары

2.1. Барлық деңгейдегі атқарушы биліктің органдарымен өзара байланыс ұйымдастыру, әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыратын, концепцияларды, болжамдарды, әкімнің шешімдерінің жобаларын сапалы дайындау мақсатында олардан ақпаратты уақытылы алу, осы жобаларды сараптау және дайындауда қатысу.

2.2. Әкім аппаратының жауапты қызметкерлері мен құрылымдық бөлімшелерінің әкімнің тапсырмаларын, жоспарлардың орындалуын бақылау.

2.3. Әкім аппаратының жұмысын жетілдіруге, орындау тәртібін көтеру және еңбек тәртібін нығайтуға бағытталған ұсыныстарды әкімнің қарауына енгізу.

2.4. Қазақстан Республикасының заңнамаларына және лауазым құзырына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

3. Әкім орынбасарының міндеттері

3.1. Ішкі және жастар саясаты, халықты әлеуметтік қорғау, еңбек және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және тілдерді дамыту, туризм, спорт және дене шынықтыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңдарының, Президентінің Жарлықтарының, Үкіметінің қаулыларының, Алматы қаласы әкімінің және қалалық мәслихаттың шешімдерінің, өкімдері мен қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің уақытылы орындалуына бақылауды жүзеге асырады және орындалуын қамтамасыз етеді.  

3.2. Стратегиялық жоспардың, мемлекеттік, аймақтық және қалалық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді.  

3.3. Халықты әлеуметтік қорғау, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, денсаулық сақтау, білім беру саласында әкім аппараты бөлімдерінің қызметін үйлестіруді және басшылықты қамтамасыз етеді.

3.4. Алматы қаласының Ішкі саясат, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, Денсаулық сақтау, Мәдениет, Білім беру, Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама, Дене шынықтыру және спорт басқармаларымен, аудандық білім бөлімімен, емдеу-сауықтыру мекемелерімен, Қорғаныс істері басқармасымен, ардагерлер Кеңесімен, мүгедектер қоғамымен, көпбалалы отбасылары Одағымен, діни және гендерлік саясатты жүзеге асыру бойынша қоғамдық мекемелермен, партиялармен, ұлттық-мәдени орталықтармен, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарымен, БАҚ-мен өзара байланысты жүзеге асырады. Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі, атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есебін жүргізу жөнінде, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығына дейін 6 айдан кем мерзім жұмыс істеген тұлғаларға еңбек өтілін белгілеу бойынша арнайы комиссия, Алмалы ауданының қорғаныс істер басқармасы жанындағы әскерге шақыру, кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі және олардың құқығын қорғау бойынша ведомствоаралық комиссияларға және Алматы қаласы өндірістік және әлеуметтік бағыттағы нысандардағы зардап шеккен адамдарды жинау пункттерінің, эвакуациялық пунктердің аудандық эвакуациялық комиссиясына басшылық етеді.

3.5. Спортшыларға спорттық біліктілік санаттарын және спорттық разрядтарын беру жұмысын ұйымдастырады, мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті регламенттері мен стандарттарын сақтау, әкімшілік рәсімдерді сақтауды бақылайды және қамтамасыз етеді.

3.6. Құзыры шегінде азаматтардың өтініштерін қарастырады және қабылдау жүргізеді.