Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Саясат САЯСАТ





Экономикасы мен әлеуметтік жағдайы аумалы-төкпелі болып отырған қазіргі тұрақсыз қоғамда еліміздің негізгі бағыттарын айқындау мақсатында елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2018 жылдың10 қаңтарында халыққа «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жариялаған болатын. Мемлекет басшысының бұл жолдауы елімізде қабылданған «Қазақстан-2050» даму стратегиясын жүзеге асырудағы басым бағыттардың бірі ретінде ұсынылды. 
Жолдау негізінде, елбасының бастамасымен жүзеге асырылып отырған 100 нақты қадам – Ұлт жоспары, Индустрияландыру және «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламаларының табысты іске асырылып отырылғандығы атап өтіліп, осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмыстар қорытындыланды.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына тоқтала кетер болсақ,  алғашқы уақыттары мемлекеттік деңгейде тек мемлекет пен азаматтардың араларын жақындастыру мақсатында әзірленген «Электронды үкімет» веб-порталы қазіргі таңда мемлекет, бизнес және азаматтардың өзара тығыз қарым-қатынаста болуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте, кәсіпкерлік субъектілерін қолдауда «Бәйтерек» холдингімен кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдауда бір терезе қағидатын енгізудегі цифрлық платформасын атап өту қажет.
Осыған орай, Жолдаудағы елбасымен қойылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру үшін әрбір ұйым, әрбір мемлекеттік орган, ұлттық компаниялар барынша күш біріктіретін уақыт жетті деп есептейміз және аталған іс-шаралар Қазақстан экономикасына әлемдік тұрақсыздыққа тойтарыс беруге және елбасының стратегиялық жоспарларын тиімді жүзеге асыруына мүмкіндік беретініне сенімдімін.

Алматы қаласы Әділет департаменті 
Нормативтік құқытық актілерді тіркеу
бөлімінің бас маманы М. Алкеев