Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Саясат САЯСАТ



Даулы мәселелерді шешуде заңнаманың тиімділігі (20.05.2019)


Даулы мәселелерді шешу мақсатында құқ қорғау мен дауды шешудің сотқа дейінгі формалары бар.  «Медиация туралы» ҚР Заңына сәйкес, азаматтар даулы істерін сотқа жеткізбей, өзара келісімге келіп шеше алады, ал бұл айтарлықтай уақытыңыз бен шығыстарыңызды қысқартады. Медиация қолданылатын салалар: жеке және заңды тұлғалар қатысқан азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де қатынастарынан туындайтын даулар (жанжалдар), сондай-ақ қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында қаралатын шағын және орта ауырлық, қылмыстық бұзушылықтар және атқарушылық орындау кезінде туындайтын қарым-қатынастар. 
Медиацияның ерекшелігі сол, ол тараптардың өзара ерікті талабымен жүргізіледі, яғни тараптардың бірі келіссөздер жүргізуге келіспесе, медиация заңды күшіне ене алмайды.  Тараптар  дауды реттеу жөніндегі келісімде көрсетілген тәртіп пен мерзім ішінде келісімдерін орындауға міндетті.  Статистикаға сәйкес, барлық даулар 30-40 пайызы делдалдық процесс арқылы өтеді де, олардың 85 пайызы оң нәтижелерге қол жеткізген.
Сонымен бірге, тараптар арасында туындайтын сұрақтар мен даулы мәселелерді реттеу мақсатында 8 сәуір 2016 жылы Қазақстан Республикасы «Төрелік туралы» Заңы қабылданды. Азаматтық құқықтарды қорғаудың бұл түрі сотпен қатарҚазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде бекітілді.  Аталмыш заң  егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, мемлекет ішінде немесе одан тыс жерлерде тұрғанына қарамастан  жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын, төрелік арқылы шешілген дауларға қолданылады.  
Төрелікке қатыссыз даулар: кәмелетке толмағандардың, әрекетке қабілетсіз немесе жартылай қабілетті деп танылған адамдардың мүдделерін қозғайтын; оңалту және банкроттық туралы; Табиғи монополиялар және тұтынушылардың субъектілері арасындағы; мемлекеттік органдардың, қоғамдық сектор субъектілерінің арасындағы даулар. Сондай-ақ, арбитраж мүлікке қатыссыз жеке қарым-қатынастардан туындайтын дауларды қарауға құқылы емес.
Төрелік шешім төреші (арбитр) қол қойған күннен бастап күшіне енеді әрі ол мiндеттi деп танылады.  Егер төрелік шешімде  мерзімі белгіленбеген болса, онда ол дереу орындалуға жатады. Шешім әдейі орындалмаған жағдайда ол күштеп орындалуға тиіс. 
Жалпы алғанда, қабылданған заңнамалық бастамалар азаматтар мен заңды тұлғалар үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Алматы қаласы Алмалы аудандық Әділет басқарма басшысы Қ. Құсайынов