Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Саясат САЯСАТ



Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Алмалы ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2018 жылы атақарылған жұмысының қорытындысы


Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Алмалы ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы №789 «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қаулысына сәйкес жұмысын жүзеге асырады.
Комиссия құрамының саны 11, оның құрамына ішкі істер органдары, білім, денсаулық сақтау, мемлекеттік емес ұйымдардан және мәслихат депутаты енгізілген. 
2018 жылдың 12 айында комиссия - 24 отырыс өткізді. Оның ішінде жоспар бойынша – 6, қайта қаралған іс-құжат – 3. 
Комиссияға ішкі істер органынан – 11, білім беру мекемелерінен – 4, іс-құжаттар түсіп, қаралды. Қаралған іс құжаттардың  жалпы саны – 15, оның ішінде профилактикалық жұмыс жүргізу мәселесі бойынша - 11, арнайы білім беру мекелеріне жолданған балалар – 1 және 3 ата-ана кәмелетке толмаған балаларының тәрбиесімен оқыту жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін  әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 
Сондай-ақ 1 кәмелетке толмаған бала спирттік ішімдік және есірткі құралдарына тәуелділіктен емдеу мақсатында анасының келісімімен денсаулық сақтау мекемесіне жіберілді. 
Жыл басынан қылмыстық құқықтық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандар 29 (34), оның ішінде ауыр – 0 (0), аса ауыр – 0 (0), адам өлтіру 0 (0), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 1 (1), ұсақ түйек жымқыру – 1 (2), ұрлық – 15 (11), тонау – 8 (13), алаяқтық – 3 (3), бұзақылық – 1 (3), Әр-түрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін аудандық ПБ-на –1988 (1925) кәмелетке толмаған бала тіркелді, оның ішінде қылмыстық жазаланатын әрекеттерді жасау үшін – 54 (53), көшеде қаңғыбастықпен қайыршылық жасағаны үшін – 93 (78).
Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін – 1841 (1794) кәмелетке толмаған бала ұсталды, оның ішінде ішімдік ішкені үшін – 155 (146), ұсақ құқық бұзушылық жасағаны үшін – 45 (45). Сондай-ақ 10 (10) ата-ана кәмелетке толмаған балаларының тәрбиесімен оқыту жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін  әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алмалы ауданының аумағында 29 жалпы білім беретін мектеп, 26 колледж және лицей орналасқан. Аудандық білім бөлімі және ювеналды полиция инспекторларымен бірлесіп мектептер мен оқу орындарында тұрақты негізде құқықтық тақырып бойынша – 1848 (1812) дөңгелек үстелдер мен дәрістер, құқықтық оқулар, кездесулер мен іс-шаралар өткізілді. 2018 жылдың ақпан айының 06-16 күндері аралығында аудан көлеміндегі білім мекемеледе кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы және балалардың қараусыз және панасыз қалуларының алдын алу мақсатында «ШКОЛА» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасында жыныстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтау мақсатында, барлық білім беру ұйымдарында сенім жәшігі орнатылған. Келіп түскен хабарламаларды мекеме басшылары ай сайын ашып, шешім қабылдап жұмыстар жүргізеді. Аудандық білім мекемелерінде кәмелетке толмағандар арасында жыныстық зорлық-зомбылық фактілері тіркелмеді.
Жыл басынан  Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Алмалы ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның бекіткен жоспарына сәйкес, аудандық білім және ювеналды полиция бөлімдері басшыларының кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы және балалардың қараусыздығы және панасыздығы, жағдайы төмен отбасылармен және жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары бойынша атқарылған жұмыстары комиссия отырысында тыңдалды.
Ағымдағы жылы аудандық ішкі істер, білім бөлімімен бірлесіп кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың  және балалардың қараусыз және панасыз қалуын, жағдайы төмен отбасылармен және жыныстық қол сұғылмауына қарсы қылмыстардың алдын алу мақсатында  «Школа», «Каникулы», «Дети в компьютерных клубах», «Подросток», «Жасөспірімдер және Көше», «Отбасында зорлыққа жол жоқ», «Бала еңбегіне жол бермеу», «Бала құқығы қорғала ма», «Түнгі қаладағы  балалар»  атты тақырыптарда семинарлар және №120 Гимназия мен  № 55 орта мектеп педагог – психологтары «Бала еңбегінің пайдасы мен зияны» атты  мектеп ұстаздарына арналган тренинг өткізілді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды еңбекке тарту фактілерін анықтау бойынша біршама жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда «Жасөспірімдер және Көше» атты профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп, аталған бағытта жұмыстар атқарылды. Яғни ойын-сауық орындарында, автокөлік жуу орындарында, базарларда және басқада қоғамдық орындарда бала еңбегін қолдану фактілерін анықтау бойынша тексерістер жүргізілді. Тексеріс барысында аталған фактілер орын алмады. Тексерілген қоғамдық орындар саны – 47. Сонымен қатар ауданда орналасқан 29 мектеп пен 26 колледж білім орындарында бала еңбегін қолдану фактілеріне қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ дәстүрлі «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы жын сайын  1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өткізіледі. Акцияның мақсаты аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға мектепке қажетті құрал жабдықтармен қамтамассыз етіп, қолдау көрсету. Іс-шараларды ұйымдастыру барысында Алматы қалалық Мәслихат депутаттары – Р. Алшанов, Ф. Константинов, А. Котенев, АҚ «Қазақстан халық банкі» және дүкендер желісі «Подиум Baby», ЖШС «Біріккен кондитерлер» т.б. мекемелерінің қолдауымен оқушыларға қажетті мектеп құрал жабдықтары, мектеп сөмкелері, киім-кешектер  мен мектеп формалары табысталды. Бүгінгі күні «Мектепке жол» акциясы барысында Алмалы ауданы бойынша 500-ден (300-ден – 2017ж.) астам оқушыға көмек көрсетілді. Акцияның жыл сайын өткізілуі, дәстүрге айналуы қоғам тарапынан жасалып жатқан еліміздің болашағы баянды болуы үшін өскелең ұрпақты адами-рухани  тәрбиелеу болып табылады.
Алмалы ауданында Балаларды қорғау күніне арналыған мерекелік іс- шара  «Арбат» алаңында өтті, оған жетім балалар, көпбалалы отбасылардың балалары, мүгедек балалар, сондай-ақ Алмалы ауданының кәмелетке толмаған балалары қатысты. Сондай-ақ, осы күні Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында, Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында және Ғ. Мүсірепов  атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры мен М.Лермонтов атындағы театрда тегін балалар қойылымдары мен «MEGA Park Almaty» ССО-да акробаттар, тренингтер, аниматорлар   ойын-сауық бағдарламасын ұсынылды және «Біріккен кондитерлер» холдингі атынан  балмұздақ, сусындар мен тәттілер  ақысыз таратылды.
2017-2018 оқу жылында аудан мектептері жанындағы жазғы лагерьлерге 1-4 сынып оқушылары арасынан 1167 (2377 – 2017ж.) бала қамтылды. Көп балалы және әлеуметтік жағынан осал санаттағы 470 (420 – 2017ж.) бала жергілікті бюджет есебінен қала сыртындағы лагерлерге жіберілді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін аудан аумағында 202 спорттық нысан жұмыс атқарады. Оның ішінде 76 жабық, 125 ашық спорттық нысан.  
Жыл басынан аудан бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі өңірлік бағдарламаны іске асыру шеңберінде, сондай-ақ халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 26 мыңнан астам кәмелетке толмаған жастар мен ересектердің қатысуымен 300-ден аса іс-шаралар өткізілді.

Жауапты хатшы                                                                                                   А. Скендир