Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Саясат САЯСАТ



Зияткерлік меншік саласындағы әділет органдарының орны (23.05.2019)


Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдардан бері  зияткерлік меншікті тіркеу мен қорғау саласында біраз нормативті-құқықтық актілерді қабылдаған болатын. Мысалы, авторлық құқық туралы, тауар таңбасы, қызмет, көрсету таңбасы және тауар шығарылған жерлерді атауы туралы және т.б.
Тауар таңбасы, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (көрсететін қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi. Бұл автобөлшектер, алкогольды сусындар, дәрі-дәрмек, тоқыма өнеркәсібі, азық-түліктер болуы мумкін.
Тауар таңбаларына құқықтардың бұзылғандығы үшін ҚР заңнамаларымен әкімшілік, қылмыстық және азаматтық жауапкершілік белгіленген. Егер құқық иеленушіге екі мың мөлшерде зардап келсе, құқық бұзушыны қылмыстық  жауапкершілік күтіп тұр.
Сонымен қатар, зияткерлік меншік адам өмірінің басқада салаларына әсер етеді. Кез келген салаларда, атап айтқанада денсаулық, экономика және білім, өнер саласында өз қырларын тауып жатыр.
Зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтардың көбісі бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету ҚРӘҚтК 158 б.); авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды бұзумен (ҚР ҚК 198 б.) тікелей байланысты.белгісін, тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану 
Осыған байланысты, құқық иелерінің зияткерлік меншігін қорғау саласында және осы саладағы заңнамаларды түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен құқықтық түсіндіру жұмыстары мен іс-шаралары өткізіліп жатыр.
Іс-шаралар жоспарын орындауда аумақтық әділет органдары белсенді қызмет атқаруда.
ДЭФ ЖБҚ индексінің көрсеткіштерін жоғарылату мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалар үшін бизнес заңнамалар бағытындағы заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, зияткерлік меншікке құқытарды тіркеу жұмыстарын түсіндіру мерзімді түрде жүргізіліп отырады. Сонымен қатар, аталған бағыттағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, анықтау шараларыда жұргізіледі.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің  тапсырмасына сәйкес халыққа құқықтық түсіндіру, заңнамаларды жетілдіру саласына да белсенді қатыстыру үшін кәсіпкерлерді жұмылдыру тиімді нәтижесін көрсетуде.
Қорыта айтқанда Әділет министрімен жүргізіліп жатқан іс-шаралар Қазақстан Республикасының әлімдік аренад өз орнын орнықтыруға әсерін тиімді тигізуде. Алған қойған міндеттер мен талаптар баршылық, соның барлығын орындауда қызметкерлердің біліктігі мен білімділігі аса маңызды рөл атқарады.

Г.Акимкулов
Алматы қ.Әділет департаментінің инспекторы