Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2018 жылы 12 айлықта атқарған жұмысы туралы есебі


Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 10.01.2018 ж. Қазақстан халқына Жолдауын «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты және заңдар мен басқа да заңнамалық актілерді басшылыққа ала отырып Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі нақтылы жұмыс ауқымын атқарды.
Ауданның кәсіпорындарымен меморандум келісімшарттар жасау жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылғы желтоқсан айының 29 күніне Алмалы ауданы бойынша барлығы 8 506 кәсіпорынмен меморандумдар жасалды, оның ішінде: ірі кәсіпорындарымен – 145 орта кәсіпорындарымен – 206, шағын кәсіпорындарымен – 8 155.
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуші бағыттардың бірі – ішкі еңбек нарығын қорғау болып табылады. Шетелдік  жұмыс күшін енгізуге рұқсат қағазы аудан үшін экономикалық мақсатқа лайықтылық пен Қазақстан азаматтарын басымды түрде жұмысқа орналастыруды ескере отырып беріледі, ол белгіленген квота шегінде жүзеге асырылады. Жұмыс берушілерге рұқсаттама берілер кездегі айрықша шарттар – жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен шетелдік мамандардың орнын басу үшін жергілікті мамандарды оқыту мен қайта оқыту болуы керек.
Ауданымызға шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсаттама қағазын алу (ұзарту) бойынша 2018 жылдың басынан 29 желтоқсаына дейін комиссияның қарауына 63 кәсіпорын мен ұйымдардан 1, 2, 3 санаттар бойынша бас директор, бизнесті дамыту бөлімінің менеджері, бас инженер, құрылысты қадағалау жөніндегі инженері, жоба инженері, техникалық бөлімінің бастығы және тағы да басқа мамандықтар бойынша құжаттар пакеті ұсынылды. Заңды тұлғалар 1293 шетелдік адам жұмыс күшін тартуға 1445 өтініш берді.
Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі халыққа 18 түрлі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны төлеудегі кейбір мәселелер туралы» қаулысын жүзеге асыру барысында 2018 жылдың басынан біржолғы ақшалай өтемақы алу үшін 132 адамның өтініштері қабылданды, ал Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушінің жеңілдіктер алу құқығын растайтын куәлік алу үшін – 125 өтініш қабылданды .
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңын жүзеге асыру аудандық жұмыспен қамту бөлімінің алдына қойған маңызды міндеті болып табылады. Бұл Заңның орындалуы ең алдымен бала күтімімен отырған әйелдер, жағдайы төмен отбасылары мен мүгедектер сияқты халықтың ең мұқтаж және әлсіз топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді. 
Атаулы әлеуметтік көмек кедейлік шегінен төмен орта кірісі бар азаматтарға төленеді.
2018 жылдың басынан жалпы сомасы 18 338 211 теңгені құрайтын атаулы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген 82 отбасына тағайындалып, олардың отбасы мүшелерінің саны 324 адамды құрап, оларға 17 789 933 теңге төленді, олардың ішінде: 18 жасқа дейінгі балалар саны – 204 адам, мүгедектер – 4 адам, балалар күтімімен айналысатын адамдар – 57 адам, 32 адам жұмыс істейді, уақытша еңбекке жарамсыз – 1 адам, 6 студенттер, 2 зейнеткерлер, 18 жұмыссыздар. Атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері 4 716,6 теңгені құрап отыр. 
2018 жылдан бастап өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын 5 анықтама берілді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік жағынан қорғау мақсатында «Мүгедек балаларды үйде тәрбелеп, оқытатын отбасыларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу Ережелеріне» сәйкес, нақты 91 отбасына 4 567 020 теңге сомасына тағайындалды, 91 отбасына нақты төленген қаржы сомасы 4 567 020 теңгені құрайды (4 708 949 теңге берілген жоспардан 96,98 % құрайды).
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлерінің бірі - тұрғын-үй көмегі. Жыл басынан тұрғын-үй көмегіне тағайындау үшін 939 өтініш түсті (504 адам), оларға тұрғын-үй көмек қызметін көрсету ретінде 8 639 811 теңге мөлшерінде сома төленді (9 425 610 теңге жоспардың 91,66 % құрады).
Тұрғын-үй көмегі Алматы қаласында тұрғылықты түрде тұратын табысы аз және оның иесі болып табылатын азаматтарға көрсетіледі. Егер тұрғын-үйді ұстап отыру мен коммуналды қызмет түрлерін пайдалануға төленетін шығындар тұрғын-үй ауқымының әлеуметтік мөлшері мен коммуналды қызмет түрлерін пайдалану мөлшері аралығында отбасы бюджетінде оның жалпы кірісінің 10% үлесінен асып кетсе, онда жәрдемақы тағайындалады. Тұрғын үй жәрдемақысы мекен-жай анықтамасымен расталады, атаулы түрде көрсетіледі, құжаттар тапсырған айдан бастап, әрбір үш ай сайын кіріс туралы анықтама мен тұрғын-үй коммуналдық қызметтеріне төленген түбіртектердің көшірмесін тапсыра отырып, ауданның Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы әр тоқсан сайын рәсімделеді.
Жыл басынан 1693 зейнеткер жеті айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі әлеуметтік көмек алады. Оларға 2018 жылдың басынан жалпы 53 366 950 теңге көлемінде сома төленді (53 888 835 теңге берілген жоспардан 99,03 % құрайды).
200 АЕК (бұрыңғы - 100 АЕК) көлеміндегі бір жолдық әлеуметтік көмекке 5 адам өтініш білдірді, оларға 1 683 500 теңге төленді (1 683 500 теңге берілген тапсырмадан 100 % құрайды).
10 АЕК көлеміндегі бір жолдық материалдық көмекке 564 адам өтініш білдіріп, оларға 11 616 282 теңге төленді (12 097 400 теңге берілген тапсырмадан 96,02 % құрайды).
6,5 АЕК көлеміндегі ҰОСҚМ әлеуметтік көмекке 84 адам өтініш білдіріп, барлығы 10 116 302 теңге төленді (12 305 000 теңге берілген тапсырмадан 82,21% құрайды).
Жыл басынан су есептегіш құралдарын орнатуға арналған әлеуметтік көмек (2 АЕК көлемінде) төлемақысын өтеу бойынша 237 адамнан өтініш түсті, 2 349 170 теңге мөлшерінде сома төленді (2 277 000 теңге берілген тапсырмадан 103,16 % құрайды).
IV категория туберкулезбен науқас азаматтарға 12 АЕК мөлшерінде ай сайын төлеуге тағайындалатын әлеуметтік көмек алуға жыл басынан 66 өтініш түсті, оларға әлеуметтік көмек ретінде 7 016 921 теңге мөлшерінде сома төленді (8 268 400 теңге берілген тапсырмадан 84,86 % құрайды).
2018 ж. 01 маусымынан бастап санаторлы-курорттық емделу әлеуметтік көмегін алуға 519 адам өтініш білдірді, оның ішінде 477 зейнеткерлерге, ҰОС-ның мүгедектері мен қатысушыларына, еңбек майданына қатысушыларға «Каргалы», «Аксу жабаглы», «Ақ кайын», «Казахстан», «Демалыс-К», «Акбулак» және «Ару ана» шипажайыларына жолдама берілді.
«Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.07.2005 жылғы №754 қаулысына сәйкес жұмыспен қамту бөлімінде мүгедектерді техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.
2018 жылдың басынан мүгедек адамдарға мемлекеттік көрсетілген көмектер:
1.Шипажай-курорттық емдеуге  жолдамалар туралы:
•743 өтініш қабылданды;
•645 адамға жолдама берілді (ҰОСҚжМ – 1 адам, ҰОСҚжМ теңестірілген– 21 адам, ЕМҚ – 34 адам, I және II топты мүгедектер -573, III топты жұмыссыздар – 10, мүгедек балалары – 6 адам).
2.Жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен яғни арбамен қамтамасыз етуге:
•134 өтініш қабылданды; 
•130 адамға кресло-арба берілді. (ҰОСҚжМ – 1 адам, ҰОСҚжМ теңестірілген– 2 адам, ЕМҚ – 7 адам, мүгедектер -98, мүгедек балалары – 22 адам).
3.Сурдо-тифло техникалық құралдармен қамтамасыз етуге 245 өтініш қабылданды:
Соның ішінде: тифло техникалық құралдар – 112 дана, сурдотехникалық құралдар – 132 дана
Жалпы 545 берілгені, оның ішінде 
есту құралдары – 40 дана,
сурдотехникалық құралдар – 173 дана (вебкамерамен ноутбук – 30 дана, ұялы телефон – 68 дана, сағаттар – 40 дана, сигналдық жүйесі – 35 дана).
тифло техникалық құралдар – 332 дана (ноутбук – 30 дана, оқитын машина – 20, диктофон – 2, жазуға арналған прибор – 10, грифель – 8, ұялы телефон диктофонмен – 68, брайлерлық қағаз – 33, сағаттар – 32 дана, плеер – 36, тифлотрость – 50 дана, термометр – 15, тонометр – 13 дана, глюкометр -6 дана, брайль шрифтімен өздігімен сөйлесіп оқыту құралы – 10 дана).
4.Санитарлық-гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету туралы 686 өтініш қабылданды:
•жаялығылар және сіңдіргіш жаймалар – 468 дана,
•Мочеприемник (сұйық зәр қабылдағыш) – 17 дана,
•Калоприемник (үлкен дәрет қабылдағыш)– 35 дана, 
қорғаныш крем, иесті жойығыш, теріні тазалығыш, сорғыш ұнтақ,  паста – герметик – 19 дана, әжетжанаға және ваннаға арналған тірек тұтқалар – 65 дана, санитарлық орындықтар – 70 дана, катетер – 12 дана.
Санитарлық-гигиеналық құралдар  1584 адамға берілді, оның ішінде жаялықтар - 416 дана, мочеприемник  – 12 дана, калоприемник – 19 дана, сіңдіргіш жаймалар – 180 дана, қорғаныш крем - 156 дана, иесті жойығыш – 144 шт., теріні тазалығыш – 144, паста – герметик – 144 дана, сорғыш ұнтақ -144 дана, әжетжанаға арналған тірек тұтқалар – 31 дана, ваннаға арналған тұтқалар – 30 дана, санитарлық орындықтар – 20 дана, катетер – 144 дана.
•620 адамға берілді (ҰОСҚжМ – 3 адам, ҰОСҚжМ теңестірілген– 14 адам, ЕМҚ – 40 адам, мүгедектер -331, жұмыссыздар – 5, зейнеткерлер -82, мүгедек балалары – 145 адам).
5.Кохлярдық импланттар – 12 өтініш қабылданды, 10 берілді 
•Протезді-ортопедиялық көмек туралы: 308 өтініш қабылданды,
•254 адамға берілді(ҰОСҚжМ – 3 адам, ҰОСҚжМ теңестірілген– 5 адам, ЕМҚ – 12 адам, мүгедектер -144, жұмыссыздар – 6, мүгедек балалары – 84 адам).
6.Жеке көмекшіге қабылданған өтініш саны 428 адам:
•428 адамға көмек көрсетілді.
7.Ыммен көрсету тілінің маманына келіп түскен 68 өтініш болса:
•66 адамға көмек көрсетілді.
8.Медициналық әлеуметтік мекемеге 162 өтініш келіп түсті.
9.Үйге келіп әлеуметтік қызмет көрсету туралы өтініштер саны – 118. 
2018 жылдың басынан «Самал», «Спутник», «Аккайын», «Казахстан», «Демалыс-К» атаулы шипажайларға денсаулықтарын түзетуге 1-ші, 2-ші, 3-ші топтағы 645 мүгедек адамдарға жолдама берілді.
2018 жылдың басынан «Күміс алқа» мемлекеттік наградасымен марапаттау жайында көп балалы анадан 10 өтініштер қабылданды, «Алтын алқа» белгісіне 7 өтініш қабылданды, оның ішінде 2 зейнеткер.
2018 жылда 9 көп балалы аналар «Күміс алқа» белгісін алды, онының ішінде 6 адам 2017 жылда өтініштер берген. 2018 жылда 5 көп балалы аналар «Алтын алқа» белгісін алды, ішінде 1 адам 2017 жылда өтініш берген.
Жыл басынан ақталған адамның куәлігін (төлнұсқасын) алуға 15 адам  өтініш берді. 
Жыл басынан әлеуметтік тұрғын үйде тұруға 4 егде азаматтардан өтініш қабылданды.


Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша Жеңіс Күнінің 73 жылдығы мейрамына ҰОС-ның 76 мүгедектері мен қатысушыларына біржолғы 250 000 теңгеден ақшалай әлеуметтік көмек төленді, жалпы төленген сома 19 000 000 теңгені құрады.
553 ҰОСҚМ теңестірілген азаматтарға 50 000 теңгеден біржолғы материалдық көмек төленді, республикалық және жергілікті бюджеттен жалпы төленген сома 27 650 000 теңге болды.
Қаза тапқан 3 сарбаздардың жесірлеріне біржолғы әлеуметтік көмек республикалық және жергілікті бюджеттен 50 000 теңгеден төленді, жалпы төленген сома 150 000 теңгені құрады.
Ауғанстанда қаза тапқан 11 сарбаздың отбасыларына біржолғы әлеуметтік көмек жергілікті бюджеттен 50 000 теңгеден төленді, жалпы төленген сома 550 000 теңге болды.
Жеңіс Күніне орай 643 адам көмекпен қамтылды, оларға барлығы 47 350 000 теңге төленді.
1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына байланысты 49 ақталған қатысушыларға біржолғы 50 000 теңгеден әлеуметтік көмек төленді, жалпы төленген сома 2 450 000 теңгені құрады.
Ленинградта блокаданы кешірген 1 тұрғынға Санкт-Петербургке барып-қайту шыгындарын өтеуге 155 614 теңге мөлшерде сома төленді.
Бөлім мамандары белсінді түрде біліктілікті арттыру (оқу мерзімі 1 апта), кәсіптік қайта даярлау (оқу мерзімі 3 апта) мемлететтік қызметкерлерді оқыту курстарынан өтті.
Алмалы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында:
1.«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атаулы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын аудандық бөлімінің мамандарының, халықты жұмыспен қамту Орталығының және әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен 17.01.18, 26.01.2018 г., 06.02.18 ж. дөңгелек үстелде пікір алмасу талқылаулар өтті.
2.07.09.2018  ж. «Тұрғын үй көмегегін тағайындау туралы» такырыбы бойынша Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің, Алмалы ауданының ПИК өкілдерінің катысуларымен дөңгелек үстелде пікір алмасу өтті
Іс-шаралар өткен соң есептіқ аңықтамалар мезгілімен «Нұр отан» аудандық филиалына, оған қоса Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасына және Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппаратына өткізіліп тұрды, және ақпарат олардың сайттарында жарияланды.
Алмалы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мамандармен Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының пленарлық кеңестеріндегі нұсқауларын орындау және Алмалы ауданы әкімінің аппаратымен тығыз қарым-қатынас жасау бағытында кеңестер тұрақты түрде өткізіледі. Әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы учаскелік комиссияның отырыстары тұрақты түрде өткізіледі.
2018 жылдың басынан заңды және жеке тұлғалардың ұсынымдарымен 232 өтініш түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан түскен өтініштер саны – 66, заңды тұлғалардан түскен өтініштер саны – 166. Барлық ұсынымдар мезгілімен және сапалы қарастырылды. 
Сонымен қатар, 2018 жылғы 12 айда басқармадан бекітіліп келіп түскен жылдық және әр тоқсанда берілген жоспар бойынша жалпы саны 7 413 мемлекеттік қызмет қөрсетуге өтініш түсті. Аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері Алмалы ауданының әкімдігімен, Ардагерлер кеңесімен біріге отырып қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысты.  

Бөлімнің бас маманы                                                                                             Аннабигина Л.У.