2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Әлеуметтік сала ӘЛЕУМЕТТІК САЛА



2019 жылғы әлеуметтік сала бөлімінің атқарылған жұмыс қорытындылары


Әлеуметтік сала
«2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында: 6208 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 305 адам; әлеуметтік жұмыс орындарына 283 адам; қоғамдық жұмыстарға 796 адам; жастар тәжірибесіне 154 адам; тұрақты жұмыс орындарына 4670 адам жұмысқа орналастырылды.
Аз қамтылған 630 отбасына жалпы сомасы 340 871,239 мың теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді және 3650 адам жалпы сомасы 174 млн.теңгеге әлеуметтік көмек (тұрғын үй, әлеуметтік, бір жолғы көмек) алды.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді ортаны құру мақсатында 100 әлеуметтік нысан бейімделді. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде 509 жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет көрсетілуде.
2019 жылдың тамыз айынан бастап «ISKER ANA» жобасыаясында, «Бақытты отбасы» орталығы жұмыс істейді. Орталықта 5 мыңнан астам қызметтер көрсетіліп, 655 адам бизнес курстарын оқыды, оның ішінде 235 адам бизнес ашуға 100 және 200 АЕК-дан грант алды және 24 адам жалпы сомасы 200 млн. теңгеден астам шағын несие алды. Сонымен қатар, 30 көп балалы анаға үйде бизнес ашу үшін жабдықтар мен материалдар сатып алынды.

Денсаулық сақтау
Ауданның 26 денсаулық сақтау мекемесінде (9 республикалық,17 қалалық медициналық мекемелер) 2003 дәрігер, 4728 орта және кіші медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Емханаларда қызмет көрсетілетін халық саны – 248 401 адам.
Ауру деңгейінің төмендеуінде оң көрсеткіштер байқалуда, яғни 
жүрек-қан тамырлары аурулары – 8611 адам (2018 ж. – 9577 адам); А гепатиті – 10 адам (2018 ж. – 16 адам); ЖИТС – 5 адам (2018 ж. – 7 адам); ана өлімі – 0 (2018 ж. - 0); туберкулез - 63 адам (2018 ж. – 63 адам).
Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығында жастардың денсаулығын сақтау жөніндегі Жастар ресурстық орталығы ашылды.
№ 30 Қалалық емханада күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, қалалық кардиологиялық орталықта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында атқарылған жұмыстар: 
1. «Мектепке жол» бағдарламасы аясында 1400 оқушыларға арналған сөмке және 200 мектеп формасы берілді.
2. Аз қамтылған отбасыларының 1000 баласына жазғы демалыс ұйымдастырылды (бассейнге бару, тіл мектептері, жазғы лагерь, спорт секциялары);
3. «Бақытты отбасы» орталығы арқылы 402 отбасыға көмек көрсетілді; 
104 ҰОС Жеңіс күні мен Қарттар айлығы аясында 21,5 мың қарттарға көмек көрсетілді.